МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ БҰҰ-НЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛАРЫНА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ (СПЕКА) 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ЖӘНЕ СПЕКА-ҒА ҚАТЫСУШЫ ЕЛДЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАЛАРЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕГЕ ҚАТЫСТЫ

Ағымдағы жылдың 21-25 қараша аралығында Маңғыстау облысының делегациясы БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) 25 жылдығына және СПЕКА-ға қатысушы елдердің ұлттық экономикаларына арналған көрмеге қатысты.

Көрменің мақсаты қатысушы елдердің (Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) экономикалық әлеуетін көрсету, өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау және елдер арасындағы өңірлік экономикалық байланыстарды нығайту болып табылады.

Іс-шараға жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнестің 500-ден астам өкілдері, инвесторлар, беделді сарапшылар мен қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.

Көрме барысында облыс басшылығы мен кәсіпкерлер өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға, инвестициялар тартуға және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған екіжақты кездесулер өткізді.

«Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 782