Басым қызмет түрлерi

Өтініш берушінің қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы бекітілген қаулысына сәйкес «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызметтің түрлері бойынша өз өндірісінің (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесіне сәйкес келуі тиіс.                                                                                                                                                                               

"Ақтау теңіз порты" АЭА аумағындағы басым қызмет түрлерi:

1) тұрмыстық электр аспаптарын жасау;

2) былғары және оған қатысты өнімдер өндіру;

3) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

4) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;

5) өзге де металл емес минералды өнім өндіру;

6) металлургия өнеркәсібі;

7) дайын металл бұйымдарын жасау;

8) машиналар мен жабдықтарды жасау;

9) мұнай-химия өнімдерін өндіру;

10) негізгі фармацевтикалық өнімдер және препараттар өндіру;

11) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

12) электр моторларын, генераторлар, трансформаторлар, электр таратқыш және бақылау аппаратурасын жасау;

13) электр өткізгіштерді және электр өткізгіш аспаптарын жасау;

14) жобалау-сметалық құжаттамаға шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

15) "AKTAU RESORT HOTEL" көпфункционалды кешенін жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес салу және пайдалануға беру;

16) деректерді өңдеу, қосымшаларды (қолданбалы бағдармаларды) орналастыру және осымен байланысты қызметтер; веб-порталдардың қызметі;

17) аквадақыл;

18) жылу электр станцияларымен электр энергиясын өндіру;

19) электр энергиясын беру;

20) электр энергиясын тарату;

21) тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың құрылысы;

22) қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызметтер көрсетуі;

23) меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға алу және басқару;

24) демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру жөніндегі қызмет;

25) көпбейінді аурухана салу және іске қосу.

Желілерде бөлісу: