ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару жүйесі қолданылатын унитарлымемлекет. Қазақстан Республикасы Президенті - мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейтін және елдің аумағында, халықаралық қатынастарда Қазақстанның өкілі болып танылатын жоғары лауазымды тұлға.
Аумағы:
2 724 902 кв.км
Ауданы бойынша әлемдегі 9-шы ел
Аумағы бойынша ТМД елдері арасында 2-ші орында
Халқы: 18 млн. адам.
Ұлттық валютасы: теңге.
Уақыты: Гринвич бойынша уақытты 6 сағатқа озып отырады (Алматы, Нұр-Сұлтан). Қазақстан екі уақыттық аймаққа бөлінеді: шығыс (негізгі) және батыс аймағы.
Тілі: Мемлекеттік тіл -қазақ тілі, мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі қазақ тілімен тең түрдеқолданылады.
Діні: Бүгін Қазақстан – 40 конфессияға өкілдік, 3000-нан астам діни бірлестіктергеқызмет ететінполиконфессионалды ел. Халықтың ұстанатын діндері - ислам және христиан.
Әкімшілік-аумақтық бөлінуі |
Ақмола облысы |
Жамбыл облысы |
Маңғыстау облысы |
Алматы облысы |
Батыс Қазақстан облысы |
Павлодар облысы |
Ақтөбе облысы |
Қарағанды облысы |
Солтүстік Қазақстан облысы |
Атырау облысы |
Қостанай облысы |
Түркістан облысы |
Шығыс Қазақстан облысы |
Қызылорда облысы |
Республикалық маңызы бар қалалар: Нұр-Сұлтан қаласы - Қазақстанның елордасы, Алматы және Шымкент қалалары