Ағымдағы жағдайды, ұсыныстарды, 2022 жылға арналған даму жоспарларын талқылау бойынша АЭА қатысушыларымен кездесулер жалғасуда. Бүгін "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ басшылығы АЭА қатысушыларының - "Медикал Фарм "Ча-Кур" ЖШС, "Everest Techno" ЖШС, "Chem-Invest Export" ЖШС өкілдерімен кездесті. АЭА қатысушылары "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңымен таныстырылды, тиісті түсініктемелер берілді.
Қайнар көзі: "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі.