28 қаңтарда «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ мен «Sembol
Construction and Engineering» ЖШС арасында арнайы экономикалық аймақтың
қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа қол қойылды.
Шартқа сәйкес, АЭА-ның жаңа қатысушысы өңірде инвестициясы 65 млрд. теңгені құрайтын «Aktau Resort Hotel» көпфункционалды қонақ үй-туристік кешені» жобасын жүзеге асырады.
Бұл нысанды салу кезінде 1200-ден астам жұмысшы тартылады, ал пайдалануға берілгеннен кейін 450 жаңа жұмыс орны ашылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 9 қаулысымен «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ қызметінің басым түрлері тағы қызмет түрлерімен толықтырылды: демалыс және ойын-сауық ұйымдастыру қызметі; туристерді, санаторий және сауықтыру объектілерін орналастыру орындары: объектілердің ойын бизнесімен байланысты болмауы шарты сақталған кезде.
Инвестордың ақпараты
бойынша аталған нысанды пайдалануға беру а.ж. 3 тоқсанына жоспарлануда.