Бүгін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігінің Бірінші хатшысы Исибики Юкионы қабылдады. Кездесу аясында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі және болашағы туралы баяндады. Сондай-ақ, туризм, логистика және энергетика салаларын дамыту мәселелерін талқылады.
Айта кетейік, Маңғыстау облысы мен Жапония арасындағы өзара сауда көлемі 2019 жылдың қаңтар-шілдесінде 3,668,38 мың долларды құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,6% -ға көп.
Кездесу соңында Исибико Юкио Маңғыстау облысының басшылығына тығыз ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, бірлескен жұмыс нәтижесінде құнды тәжірибе жинақтағанын айтты.
Қайнар көзі: mangystau.gov.kz





__34dbcae32b1508603841795b2703e6d1.jpeg)
__7588c3ff5131e14e6316abd11f70727b.jpeg)
__c4a95868999071319f564b090186ff61.jpeg)

__68f183fd7c29afc8ad52d06bb6563b39.jpeg)

__e74315f122e15068d904553335e2083d.jpeg)

__9103aee4e61a774dc94839f3dd456f44.jpeg)
__00e1375a2af2a0b0e14dad08fbab07ec.jpeg)
__945a5c7493a1a26e940cd366667b640a.jpeg)







