ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уяныкпен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық, көлік, транзит және логистика, авиациялық ынтымақтастықтың даму мәселелерін талқылады.
Тараптар өз кезегінде ынтымақтастықтың дамуына үлкен мүмкіндік беретін Стамбұл-Шымкент, Стамбұл-Қарағанды әуе рейстерінің ашылуын атап өтті. Түркия тарапы Қазақстанның Еуразиядағы транзиттік-логистикалық хаб ретіндегі үлкен рөліне тоқталды. Тараптар сауда-экономика және инвестиция саласындағы бірлескен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Қайнар көз: invest.mid.gov.kz