«Мемлекет басшысының жарлығы бойынша Е.Л. Тоғжанов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды», - деп хабарлады Бақытжан Сағынтаев.
Премьер-Министр А. Айдарбаевқа бірлесіп атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
Жаңа басшылыққа Б. Сағынтаев Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында алға қойған тапсырмаларын іске асыруға және ауқымды реформалар жүргізуге байланысты бірқатар нақты тапсырмалар белгіледі.
Премьер-Министрдің айтуынша, Ералы Тоғжановтың басшылық қызметте үлкен тәжірибесі бар.
Ұзақ жылдар бойы ол ҚР Президентінің әкімшілігінде жұмыс істеген, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі – Төраға орынбасары болған.
Ералы Лұқпанов Мемлекет басшысының сенімін ақтап, өңір алдына қойылған міндеттерді табысты іске асырады деген сенімдемін, деді Премьер-Министр Б. Сағынтаев.
Қайнар көзі: primeminister.kz