«АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ РЕТІНДЕ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ ШАРТҚА «SEMBOL CONSTRUCTION AND ENGINEERING» ЖШС-МЕН ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

28 қаңтарда «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ мен  «Sembol Construction and Engineering» ЖШС арасында арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа қол қойылды.

Шартқа сәйкес, АЭА-ның жаңа қатысушысы өңірде инвестициясы 65 млрд. теңгені құрайтын «Aktau Resort Hotel» көпфункционалды қонақ  үй-туристік кешені» жобасын жүзеге асырады.

Бұл нысанды салу кезінде 1200-ден астам жұмысшы тартылады, ал пайдалануға берілгеннен кейін 450 жаңа жұмыс орны ашылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 9 қаулысымен «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ қызметінің басым түрлері тағы қызмет түрлерімен толықтырылды: демалыс және ойын-сауық ұйымдастыру қызметі; туристерді, санаторий және сауықтыру объектілерін орналастыру орындары: объектілердің ойын бизнесімен байланысты болмауы шарты сақталған кезде.

Инвестордың ақпараты бойынша аталған нысанды пайдалануға беру а.ж. 3 тоқсанына жоспарлануда.

Желілерде бөлісу:

  • 7046