«АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ» АЭА БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

Ағымдағы жылдың 16-20 ақпан аралығында «Ақтау теңіз порты» АЭА басшылығының Иран Ислам Республикасына жұмыс сапары өтті.

Іс-сапар барысында «Ақтау теңіз порты» АЭА басшылығы Иран Ислам Республикасының Казвин және Гилян провинцияларына барды.

Сапар аясында Казвин провинциясы губернаторының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Ыстой Кобадимен және жергілікті бизнес өкілдерімен кездесулер өтті.

Сондай-ақ, Казвин провинциясының Сауда палатасының президенті Мехди Бахшандехпен және Палата мүшелерімен кездесу өтті.

«Энзели» АЭА 2005 жылы Иран Ислам Республикасының солтүстігінде Гилян провинциясында құрылған және Иранның көптеген өндірістері бар ең табысты және тез дамып келе жатқан экономикалық аймақтарының бірі болып табылады.

Анзали порты (Энзели) Каспий теңізінің жағалауындағы Иранның маңызды және ең ірі солтүстік теңіз порты болып табылады.  Порт Иранның солтүстігінен оңтүстікке қарай оңтүстік-шығыс Азия елдеріне және Парсы шығанағы порттарына, сондай-ақ Орталық Азия, Кавказ, Ресей және Еуропа елдеріне апаратын транзиттік бағыттардың қиылысында орналасқан.

Сонымен қатар, «Ақтау теңіз порты» АЭА басшылығы Казвин провинциясында «Caspian» индустриялық паркіне барып, кишмиш пен хурма өндіретін зауыттың қызметімен танысты.

Сонымен бірге, химия, мұнай химиясы, металлургия және т. б. салаларындағы шамамен 10 ірі ирандық компанияның бірінші басшыларымен кездесулер өткізілді.

Кездесу барысында «Ақтау теңіз порты» АЭА басшылығымен инвестиция тарту мақсатында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.

Ирандық инвесторлар тарапынан «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның жобалары мен мүмкіндіктеріне жоғары қызығушылық танытты.

Сапар қорытындысы бойынша «Ақтау теңіз порты» АЭА басшылығы мен Казвин провинциясының Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында өнеркәсіптік және сауда кешенін бірлесіп салу туралы келісімге қол жеткізілді.

Құны € 15 миллион евро көрсетілген кешен құрылысының жобасы Иран тауарларының Қазақстан мен Орталық Азияға және керісінше экспортына жәрдемдесуге бағытталған.

Қайнар көзі: «Ақтау теңіз порты» АЭА баспасөз қызметі 

Желілерде бөлісу:

  • 6834