МАҢҒЫСТАУЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ҚОС МЕРЕКЕНІ АТАП ӨТТІ

рус 

Ақтау қаласында Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен  «Мемлекеттік қызметші күні» және «Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына» арналған салатанатты шара аталып өтілді.

Бүгінгі таңда өңірімізде мемлекеттік қызметшілердің нақтысаны - 2830 адам. Оның ішінде әйел адам саны - 1659 немесе 58,6%. Ал, мемлекеттік қызметшілердің 90%-ның  жоғарғы білімі бар. Маңғыстаудағы мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 37,6 жас.

Жыл басынан бері Маңғыстау облысында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне жалақы шкаласын енгізу үшін пилоттық жоба жүзеге асырылды. Мемлекеттік қызметшілерді меритократия қағидаты бойынша қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мансаптық жетілдіру үшін барлық жағдайлар жасалды. Бүгінгі күні штат саны 93,3% құрайды. Қазақстан Республикасының заңнамасын білу үшін тестілеуге қатысуға ниет білдірушілердің саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,5 есе өскен.

Алғашқы болып сөз алған Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен  қолға алынып жатқан жасампаздық жобаларды, баянды бағдарламаларды жүзеге асыру жолындағы жұмыстардың ең алғы шебі мен жауапты учаскелерінде еңбек етіп жатқан мемлекеттік қызметшілердің еңбегі орасан екендігін атап өтті. Саналы өмірін мемлекеттік қызметке арнап, оның дамуына зор үлес қосқан ардагерлер де, бұл саладағы қызметін жаңадан бастап келе жатқан, ертеңінен зор үміт күттіретін жастар да баршылық екендігін атап өтті.

Биылғы жылы аймақ тарихында тұңғыш рет мемлекеттік органдардың екі өкілі - Бауыржан Тұяқов пен Рамир Алекперов «Қазақстан Республикасының үздік азаматтық қызметшісі» республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Облыстық жарыстың жеңімпаздары Аманғали Нұрдәулет пен Ренат Шамуханов алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтан дипломдар табыс етілді. 

Қайнар көзі: mangystau.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3714