МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Бельгия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алекси де Кромбрюгхе мырзаны қабылдады. Кездесу барысында тараптар екі елдің арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты одан әрі дамыту жолдарын талқылады.

Айта кетейік, Маңғыстау облысы мен Бельгия Корольдігі арасындағы сыртқы сауда айналымы 506,29 млн. АҚШ долларын құрап отыр.

Аймақ басшысы өңірдің даму қарқыны туралы айтып, логистика, туризм, ауыл шаруашылығы және энергетика саласы бойынша жобаларды қабылдап, оларды «Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймағында орналастыруға болатынын жеткізді. 

Қайнар көзі: mangystau.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 2879