МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ЕРЕКШЕ ТАРТУ ЖАСАДЫ

рус/eng

"Өңірлердің Астанаға таруы" бағдарламасы аясында маңғыстаулықтар бас қаламызға көрікті Достық үйін сыйға тартты. 

«Астана – жалпыұлттық бірлік пен келісім қаласы», -  деген Ұлт Көшбасшысының сөзін маңғыстаулықтар сыйлаған маңғаз ғимарат айшықтап тұрғандай.

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Достық үйіне арнайы барып, сәулеттік ерекешелігімен танысып, ішін аралады. Сондай-ақ,  елорданың этномәдени орталықтарының өкілдерімен және Маңғыстау облысының көрнекті қоғам қайраткерлерімен әңгімелесті.

– Еліміздің барлық өңірінде Достық үйлері бар. Онда облыстардың этномәдени бірлестіктері жұмыс істейді. Енді бас қаланың да Достық үйі болады. Сіздерді осы айтулы оқиғамен құттықтаймын! – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов Мемлекет басшысына Достық үйінің эскиздік жобасын таныстырды. Онда кітапхана, музей, халықтық қолданбалы өнер шеберханалары, конференц-зал және тілдерді оқыту орталығы үшін арнайы орындар қарастырылған. Ғимараттың жалпы аумағы – 4 мың шаршы метр. Жобаның іске асырушысы - «Достық-Қазақстан» қоғамдық қоры. 

Жаңа Достық үйі үш  қабаттан тұрады. Ғимараттың  бірінші қабатында көрме залы, акт залы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының бөлмелері бар. Екінші қабатында конференц-зал, мұражай, этномәдени бірлестіктердің бөлмелері көздің жауын алып тұр. Аталмыш ғимараттың жан-жағы абаттандырылып, көгалдандырылған. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Салман Героев Бас қаламыздағы этномәдени бірлестіктердің атынан Астана қаласының 20 жылдығына орай жасаған керемет сыйлық үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа өз алғысын жеткізді. 

Маңғыстау облысының бас қаламызға тартуы – Астананың ажарын көркейте түсері анық. 

Қайнар көзі: mangystau.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3915