МӘЖІЛІСТЕ «АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Мәжілісте ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» түзетулер енгізілген ілеспе Заң жобасын таныстырды.

Вице-министр Заң жобасы аясында жер учаскелерін алу үдерісін оңтайландыру үшін оларды басқарушы компанияларға өздері сегменттеу үшін АЭА / ИА қатысушыларына беру қарастырылғанын айтты. Бұдан бөлек, болашақта өзін-өзі қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін АЭА / ИА басқарушы компаниялардың қызметін кеңейту және мәртебесін күшейту жоспарлануда. АЭА пен ИА тиімділігінің мақсатты көрсеткіштері белгіленетін болады. Сонымен қатар, басымдықты анықтау тәртібі де жеңілдетіледі. Атап айтқанда, Салық кодексінен әрбір АЭА үшін анықталған басым қызмет түрлерінен егжей-тегжейлі мәліметтерді алып тастау қажет.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «ИТП» АЭА-да эксаумақтық қағидасы аяқталады. Ол сол алаңды таңдаған кезде негізгі аспектілердің бірі болып табылады. Е.Хаировтың айтуынша, заң жобасында бұл қағида 2028 жылға дейін ұзартылуы тиіс.

Заң жобасының шеңберінде ұсынылған жеңілдіктерді жақсартуға бағытталған Салық және кәсіпкерлік кодекстеріне өзгерістер енгізу блогы қарастырылған. Басым қызметті жүзеге асыру шеңберінде алынған кірістерді салықтан босату ұсынылады.

Осындай қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін ілеспе Заң жобасында уақытша шектеуді алып тастауды, яғни АЭА-ның барлық қатысушылары үшін арнайы инвестициялық келісімшарт қарастырылған.

Ілеспе Заң жобасында басқарушы компанияларды мүліктік салықтан босату туралы АЭА-ның басқарушы компанияларының жүктемесін төмендетуге және өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізуіне және ИА-ның басқарушы компаниялары үшін баламалы негізде Салық кодексіне өзгерістер енгізу ұсынылады.

Сондай-ақ, жер учаскелері бойынша салықтарды, мүлікті және жер пайдалану үшін алымдарды АЭА-на қатысушы ретінде тіркелген сәттен бастап қолдану ұсынылады.

Заң жобасында «Инвестициялық жобаларды идеядан іске асыруға, «Бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық жобаларды қолдау қызметтерінің толық спектрін ұсыну тұрғысынан «Қазақинвест»ҰК» АҚ-ның рөлін күшейтуге бағытталған ережелер бар.

Жалпы алғанда, заң жобасында «Сақтандыру қызметі туралы», «Жергілікті және өзін-өзі басқару туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 3 Кодекске (Салық, Жер және кәсіпкерлік) және Қазақстан Республикасының 7 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Олар: «Техникалық реттеу туралы», «Салық кодексін қабылдау туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы» және «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заң жобалары.

Вице-министр АЭА аумағында жыл сайын кем дегенде 100 млрд. теңге көлеміндегі жобаларды іске асыру міндеті тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ, 2020 жылдың соңына қарай АЭА-да 20 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланғанын тілге тиек етті. 

Қайнар көзі: mid.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 4626