ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ЖАҚЫП АСАНОВ «KAZAKH INVEST» БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ САПАРБЕК ТУЯКБАЕВПЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Төрағасы Жақып Асанов, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының инвестициялық дауларды қарастыру бойынша мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгуль Кыдырбаева «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сапарбек Туякбаевпен кездесті.

Тараптар кездесу барысында  инвестициялық климатты жақсарту және инвестицияларды тартуға арналған қолайлы ортаны қалыптастыру сұрақтарын талқылады, сонымен қатар заңның үстемдігі және инвесторлардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғаудың, шетелдік компаниялардың қандай да бір елге инвестиция салу жайындағы шешімді қабылдау барысындағы бағалаудың аса маңызды параметрлерінің бірі болып табылады.

«KAZAKH INVEST» пен сот корпусының ұлттық және шетелдік инвесторлардың инвестициялық климатқа қанағаттанғандықтарына мониторинг жасау, инвестициялық қауымдастықтың ұсыныстары мен халықаралық тәжірибені ескере отырып оны одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстарды жасау мақсатындағы өзара іс-әрекеттерінің бағыттары айқындалды. 

Қайнар көзі: invest.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 4871