ҚР ИДМ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТҚАН ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Бүгін Астанада еліміздегі шетелдік инвесторларды инвестициялық белсенділік танытқандары үшін марапаттаудың төртінші салтанатты рәсімі болып өтті.

Шетелдік инвесторларды марапаттау салтанатты рәсімін ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров ашты. Іс-шараға шетелдік инвесторлар, шетелдердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, іскерлік қауымдастықтар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

Аталмыш шараны ҚР ИДМ Инвестициялар комитеті «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырды.

Елімізде белсенділік танытқандары үшін келесі шетелдік инвесторлар марапатталды:

- Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда инвестициялық белсенділік танытқан «Маревен Фуд Тянь-шань» Кипр компаниясы (азық-түлік өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісі);

- Өңдеу өнеркәсібін дамытуда инвестициялық белсенділік танытқан «Tokyo Rope Almaty» Жапон компаниясы (болат өнімдер өндірісі);

- Логистикалық инфрақұрылымды дамытуда инвестициялық белсенділік танытқан «Cosco Shipping» Қытай компаниясы («Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА территориясындағы құрғақ порт құрылысы);

- Тау-кен металлургия кешенін дамыту инвестициялық белсенділік танытқан «Giessenhaus» Ресей компаниясы (легирленген алюминий өндірісі);

- Фармацевтика саласын дамыту инвестициялық белсенділік танытқан «Химфарм» Polpharma Польша компаниясы ( қатты формадағы таблеткалар өндірісі (IV кезең).

Үздік шетелдік инвесторларды марапаттау жыл сайын өтеді. 

Қайнар көзі: mid.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3033