«АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ» АЭА-НЫҢ АУМАҒЫНДА «ЖАҢА СЕРПІН» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ АСА ТАНЫМАЛ БОЛЫП КЕЛЕДІ.

 

15 жас маманға үш айлық оқу курсынан өткені туралы куәлік берілді. Олардың арасында Жаңаөзен қаласының, Қарақия және Бейнеу аудандарының тұрғындары бар. Бүгінгі таңда түлектер «Ақтау теңіз порты» АЭА қатысушысы «Ақтау-Керамзит» ЖШС құрылыс материалдарын өндіретін зауытқа жұмысқа орналастырылды.

Парасат Шандиев, Бейнеу ауданының тұрғыны: - Үш ай бойы өз бетіммен жұмысқа орналаса алмадым. Ақтауға келіп, «Жаңа серпін» бағдарламасы бойынша оқудан өттім. «Ақтау-Керамзит» зауытына жұмысқа алды. Тіпті жатақханадан орын да берілді. Мен ризамын.

Ақпарат көзі: 24.kz 

Желілерде бөлісу:

  • 9769