ОРТАЛЫҚ-БАТЫС АВТОЖОЛЫ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА(АСТАНА-АҚТӨБЕ-АТЫРАУ-АҚТАУ) 252 КМ ҚОЗҒАЛЫС АШЫЛДЫ.

Орталық-Батыс автожолы жобасы аясында (Астана-Ақтөбе-Атырау-Ақтау) 252 км қозғалыс ашылды. Қазіргі уақытта жұмыстар ұзындығы 470 шақырымдық Бейнеу-Ақтау учаскесінде жүріп жатыр. Биыл жолдың 180 км аяқталады. Сонымен бірге жұмыстар Ақтөбе мен Атырау арасындағы 26 км жүруде. Құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталады.

«Астана-Арқалық-Торғай-Шалқар-Қандыағаш, Ақтөбе-Мақат және Атырау-Астрахан учаскелері ХҚҚДБ, АДБ және ИДБ займдары есебінен салынады. Тиісті келісімге жыл соңына дейін қол қойылады. Аталған учаскелерде толыққанды жұмыстар 2017 жылы басталады. 2020 жылы толық аяқтау жоспарланған»-деп атап өтті Үкіметтің отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі. 

Қайнар көз: invest.mid.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3991