Қазақстан кәсіпорындармен ынтымақтастық туралы экономикалық форумы, саксондық кәсіпорындарды аралау.

Дрезден қаласында 2016 жылы 12-16 қыркүйек аралығында, қазақ-герман экономикалық форумы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары Орталық Азиядағы герман экономикасының өкілдігі болып табылады. Осы іс-шараның мақсаты сауда-экономикалық ынтымақтастықты, Қазақстан мен Германияның іскер топтары арасындағы, сондай-ақ Маңғыстау облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру және АЭА «Ақтау теңіз порты» аумағында жобаларды асыру тартымдылығы жайында айту болып табылады.

Осыған байланысты, Маңғыстау облысына әлеуетті инвесторларды тарту мақсатында, осы шарада АҚ «АЭА» Ақтау теңіз порты» инвесторлармен жұмыс жасау жөніндегі департаментінің директоры Молдабекова Айгерім қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан делегациясы Саксония аумағында жұмыс істейтін бірқатар кәсіпорындарды аралады. Форум, Герамания жағынан қызығушылықтын бар  екендігіне дәлел болды,  сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі іскерлік даму келешегі бар екендігі айқын болды. 

Желілерде бөлісу:

  • 3456