Ақтау Теңіз порты Арнайы Экономикалық аймақ сайтына қош келдіңіздер


Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Ақтау Теңіз порты» Арнайы Экономикалық аймағы Ақтау қаласының аумағында 2003 жылдан бастап іске қосылды. Ол Қазақстан Республикасының Президенті 2002 жылдың 26 сәуірінде шығарған Үкіммен құрылған.

«Ақтау Теңіз порты» Арнайы Экономикалық аймағы Маңғыстау аумағын дамытушы қосымша импульс ретінде, оны диверсификациялаушы тиімді құрал ретінде пайдалануға арналған. Маңғыстау аумағының орналасуы жағрафиялық тұрғыдан ұтымды, көліктік инфрақұрылымы мен логистикасы дамыған өлке болып табылады. Барлық аталған факторлар аумақты инвестициялық салымдар үшін тартымды етіп көрсетеді, ал АЭА қатысушыларына берілетін салықтық және кедендік преференциялардың мүмкіндіктері нарықтың инвестициялық үстемдігін көтеріп тұр.

 

 

Сіздерді «Ақтау Теңіз порты» АЭА аумағында қызықты жаңа жобаларды іске асыруға және өзара тиімді серіктестікке шақырамыз.

Құрметпен,

«Ақтау Теңіз порты» АЭА Директоры
Сейдалиев Сәбит Әбиулы